2016 жылғы 29 ақпан, Астана қаласы
Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің)
бағаларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса берілген Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары белгіленсін.
2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішіндеосы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 29 ақпандағы №114 бұйрығына қосымша
Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және
(немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары
1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ақпаратпен толықтыру
Өлшем бірлігі – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының 1 есептік бірлігі
№ Атауы Бағасы, теңге
(қосымша құн салығын есепке алмай)
1 Құрылымдарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға (жобалау-іздестіру жұмыстары), кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, реконструкциялауға, қайта қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге, сондай-ақ аумақты инженерлік даярлау, құрылыстарды (объектілерді) абаттандыру және көгалдандыру, консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді, барлық қосымшаларын қоса алғанда (жер учаскесін таңдау акті, бас жоспардан көшірме, ахуалдық схемасы), кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге арналған рұқсат беру құжаттамасы 10 448,6
2 Барлық қосымшаларын қоса алғанда, жобалауға арналған тапсырмалар 6 530,4
3 Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық талаптар 10 448,6
4 Сәулет-жоспарлау тапсырмалары 6 530,4
5 Құрылыс жобаларын, оның ішінде эскиз жобаларын келісу 10 448,6
6 Мемлекеттік және мемлекетаралық сараптамаларды қоса алғанда, жобалар сараптамасының қорытындылары 10 448,6
7 Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған (құрылысты бастауға арналған) хабарлама, сондай-ақ оларды жыл сайын ұзарту туралы тиісті шешімдер 3 918,2
8 Инженерлік коммуникацияларға қосуға арналған актілер 3 918,2
9 Инженерлік коммуникациялардың атқарушылық геодезиялық схемасы 3 918,2
10 Атқарушылық техникалық құжаттама 3 918,2
11 Құрылыс объектілерінің техникалық паспорттары 10 448,6
12 Объектілерді пайдалануға қабылдау актілері 6 530,4
Жұмыстың мазмұны: мемлекеттік қала құрылысы кадастрының есепке алу объектілері болып табылатын құжаттарды қабылдау, қажетті құжаттардың өзектілігі мен бар болуын, сондай-ақ қолданыстағы заңнама ережелеріне сәйкестігін тексеру, ұсынылған құжаттарға тіркеу нөмірін беру; қағаз материалдарды сканерлеу; есепке алу объектісінің электрондық карточкасын жүргізу; есепке алу объектісінің электрондық карточкасына құжаттар түпнұсқаларының сканерленген көшірмелерін біріктіру; сканерленген кеңістіктік мәліметтерді геоақпараттық кіші жүйеде калибрлеу және кеңістіктік байланыстыру; тіркеуге ұсынылған есепке алу объектісінің жағдайын нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік нормативтердің қолданыстағы ережелеріне, сондай-ақ бұрын қабылданған жобалық шешімдерге және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрында тіркеуден өткен қала құрылысы жобаларына сәйкестігін тексеру.
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер беру
Өлшем бірлігі – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының 1 есептік бірлігі
№ Атауы Бағасы, теңге
(қосымша құн салығын есепке алмай)
1 Құрылымдарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға (жобалау-іздестіру жұмыстары), кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, реконструкциялауға, қайта қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге, сондай-ақ аумақты инженерлік даярлау, құрылыстарды (объектілерді) абаттандыру және көгалдандыру, консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді, барлық қосымшаларын қоса алғанда (жер учаскесін таңдау акті, бас жоспардан көшірме, ахуалдық схемасы), кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге арналған рұқсат беру құжаттамасы 1 045
2 Барлық қосымшаларын қоса алғанда, жобалауға арналған тапсырмалар 653
3 Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық талаптар 1 045
4 Сәулет-жоспарлау тапсырмалары 653
5 Құрылыс жобаларын, оның ішінде эскиз жобаларын келісу 1 045
6 Мемлекеттік және мемлекетаралық сараптамаларды қоса алғанда, жобалар сараптамасының қорытындылары 1 045
7 Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған (құрылысты бастауға арналған) хабарлама, сондай-ақ оларды жыл сайын ұзарту туралы тиісті шешімдер 392
8 Инженерлік коммуникацияларға қосуға арналған актілер 392
9 Инженерлік коммуникациялардың атқарушылық геодезиялық схемасы 392
10 Атқарушылық техникалық құжаттама 392
11 Құрылыс объектілерінің техникалық паспорттары 1 045
12 Объектілерді пайдалануға қабылдау актілері 653
13 Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне атаулар беру туралы мемлекеттік басқарудың уәкілетті органының шешімі 392
14 Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекараларын белгілеу туралы мемлекеттік басқарудың уәкілетті органының шешімі 392
15 Елді мекендердің қала құрылысы элементтеріне (көшелер, шағын аудандар) атаулар беру туралы мемлекеттік басқарудың уәкілетті органының шешімі 392
16 Ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмір (мекенжай) беру туралы мемлекеттік басқарудың уәкілетті органының шешімі 392
Жұмыстың мазмұны: ақпарат беру туралы өтінішті қарау және тіркеу, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасында қамтылған ақпаратты талдау, кадастрлық анықтама және кадастрлық жоспар дайындау, ақпарат мұрағатын жүргізу.
3. Графикалық материалдарды интеграциялау және цифрлық жоспарлық негіз құру.
Бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, құрылыс салу жобаларына және олардың регламенттеріне арналған мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараты
№ Масштабы Бедер қимасының биіктігі Күрделілік санаты, теңге/1 дм2
(қосымша құн салығын есепке алмай)
1 2 3 4 5
1 1:500 0,25 810,6 1 215,8 1 621,1 2 026,4 3 242,2
2 1:500 0,5 810,6 1 215,8 1 215,8 1 621,1 2 836,9
3 1:2000 0,25 810,6 1 215,8 1 621,1 2 431,7 4 458,0
4 1:2000 0,5 810,6 1 215,8 1 621,1 2 026,4 3 647,5
Күрделілік санаттарының сипаттамалары болып қабылданғандар:
1-санат:
дала және орманды дала аймақтары;
тау етегіндегі ашық аймақтар;
тау етегіндегі жол желісі дамыған жартылай жабық аймақтар.
2-санат:
жол желісі дамыған жазық немесе адырлы жартылай жабық жерлер;
тау етегіндегі жол желісі әлсіз дамыған жартылай жабық аймақтар;
аз қабатты сирек құрылыстары және сирек ағаш көшеттері бар шағын елді мекендер аумақтары;
аздаған құрылыстар салынған және аз мөлшердегі қазаншұңқырлары, террикондары және т. б. бар өнеркәсіптік және құрылыс алаңдары.
3-санат:
жол желісі сирек жазық немесе адырлы жартылай жабық жерлер;
0,5 км-ге дейін салыстырмалы биіктіктері бар ашық таулы өлке;
биіктігі 10-нан 15 м-ге дейінгі аздаған биік ағаштары бар қалалар мен кенттер аумақтары;
салынған құрылыстар мөлшері орташа, орташа мөлшердегі шахталық қалдықтары, террикондары, үйінділері, қазаншұңқырлары және басқа да кедергілері бар өнеркәсіптік және құрылыс алаңдары.
4-санат:
жазық жабық, кейбір жерлері шалшықты жер;
0,5 км-дан жоғары салыстырмалы биіктігі бар жабық немесе ашық таулы жер;
тайгалық аймақтар және құмды шөлейт аймақтар;
көптеген биік ғимараттары және биіктігі 15 м-ден жоғары ағаштары бар ірі қалалардың құрылыс салынған аумақтары;
көптеген шахталық қалдықтары, террикондары және басқа да кедергілері бар өнеркәсіптік құрылыстар көптеп салынған дамыған өнеркәсіптік аймақтар;
құрылыстар көптеп салынған және көптеген қалдықтары, мұнаралары, үйінділері және басқа кедергілері бар өнеркәсіптік және құрылыс алаңдары.
5-санат:
биік таулы аймақтар;
қатты шалшықтанған, құлаған ағаштары бар тайгалық жер;
құмды шөлдер аймақтары;
атмосферасы түтінге оранған ірі өнеркәсіптік орталықтар.
Жұмыстың мазмұны:
1. Графикалық материалдардың интеграциясы:
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын объектілер бойынша атрибутивтік ақпаратты толтыра отырып;
аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын объектілер бойынша атрибутивтік ақпаратты толтыра отырып;
аумақтың қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын объектілер бойынша атрибутивтік ақпаратты толтыра отырып;
елді мекеннің бас жоспарын объектілер бойынша атрибутивтік ақпаратты толтыра отырып;
егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын объектілер бойынша атрибутивтік ақпаратты толтыра отырып;
өнеркәсіптік аймақтарды жоспарлау жобаларын объектілер бойынша атрибутивтік ақпаратты толтыра отырып;
құрылыс салу жобаларын объектілер бойынша атрибутивтік ақпаратты толтыра отырып;
абаттандыру және көгалдандыру жобаларын, өзге де жоспарлау жобаларын объектілер бойынша атрибутивтік ақпаратты толтыра отырып интеграциялау.
2. Калибрленген және кеңістіктік байланыстырылған растрларды цифрлеу үшін цифрлық жоспарлық негіз құру.
4. Инженерлік коммуникацияларды түгендеу
Р/с № Жұмыстардың атауы Күрделілік санаты, теңге/га
(қосымша құн салығын есепке алмай)
1 2 3
1 Масштабы 1:500 жоспар жасай отырып, құрылыс салынған аумақтардағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу 16 211,1 24 316,6 40 527,7
2 Масштабы 1:500 жоспар жасай отырып, құрылыс салынбаған аумақтардағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу 8 105,5 12 158,3 16 211,1
Күрделілік санатының сипаттамасы:
1-санат:
аздаған ірі контурлары бар жайлы бедерлі ашық жазық жер;
сирек арық желілері бар суармалы маусымдық дақылдардың ашық учаскелері.
2-санат:
орманды немесе қалың бұталы, сайлар мен жыралар кесіп өтетін жазық жер;
бұталары жоқ сирек ормандар басқан, айқын ірі бедер пішіндері бар адырлы жер немесе жоғары контурлы, ұсақ бедер пішіндері бар ашық адырлы жер.
қалың арық желісі бар суармалы дақылдардың (баулар) жабық учаскелері.
3-санат:
бұталы қалың орман басқан, бірталай сайлар мен жыралар кесіп өтетін жазық немесе адырлы жер;
қалың арық желілері бар суармалы дақылдардың (баулар) жабық учаскелері;
орташа қарқынды көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы бар қалалар көшелері;
көлік қозғалысы қарқынды жолдар;
аздап құрылыс салынған, аз мөлшерде инженерлік құрылыстары, қазаншұңқырлар, үйінділер және басқалары бар, көлік қозғалысының қарқыны орташа өнеркәсіптік және құрылыс алаңдары.
Жұмыстың мазмұны:
1) құрылыс салынған аумақтардағы инженерлік-геодезиялық ізденістер кешені бойынша
бастапқы пункттерге нүктелер мен байланыстарды нақтылай отырып, теодолиттік кодтар мен техникалық нивелирлеу кодтары белгіленген жоспарлы-биіктік түсірілім желісін құру;
негізгі ғимараттар мен құрылыстардың бұрыштарын (соның ішінде жерасты коммуникацияларының шығатын жерлерін) координациялау. Орамішілік құрылыстар қасбеттерін ғимараттар мен құрылыстар өлшеулерімен бірге, сондай-ақ тұрпатын жүргізіп және бақылау өлшеуін орындай отырып өткелдер мен орамішілік құрылыстар жағдайларының барлық мән-жайын егжей-тегжейлі көлденеңінен түсіру;
түсірілім желісінің координаттары мен биіктігін, негізгі ғимараттар мен құрылыстардың бұрыштарын, жерасты коммуникациялары мен геологиялық өндірістің шығыстарын есептеу;
1:500 масштабты көлденең түсірілім жоспарын жасау. Бедерді салу. Жерасты коммуникацияларының жоспарын жасау. Жоспардың корректурасы. Жиектер бойынша соңғы жинақтау. Жоспарлардың көшірмелерін дайындау. Көшірмелер корректурасы. Жоспарлы-биіктік түсірілім желісінің схемасын сызу.
2) Құрылыс салынбаған аумақтардағы инженерлік-геодезиялық ізденістер кешені бойынша:
жоспарлы-биіктік түсірілім желісінің схемасын құру. Түсірілім желісі нүктелерінің, жерасты коммуникациялары мен геологиялық қазбалар шығыстарының координаттары мен биіктіктерін есептеу;
1:1000 масштабты жоспарды 1:500 масштабқа дейін ұлғайту. Жерасты коммуникацияларының жоспарын жасау. Жоспардың корректурасы. Жиектер бойынша соңғы жинақтау. Жоспарлардың көшірмелерін дайындау. Көшірмелер корректурасы. Жоспарлы-биіктік түсірілім желісінің схемасын сызу.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13550 болып енгізілді.